Алматыда базардан шыққан өрттің себебі анықталды

Алматыда базардан шыққан өртке найзағай себеп болуы мүмкін. Мамандар осы нұсқаны да қарастырып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Тұрмыстық заттар сататын сауда орны түгел отқа оранды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын жанындағы нысандарға таралған жоқ. Өртті сөндіруге 30-дан аса техника мен тікұшақ та тартылды. Әуеден 30 тонна су төгілді.