Астанада сауда үйі өртенді

Астанада сауда үйі өртенді
https://t.me/qr_tjm

Астанадағы «Ажар» сауда орталығы өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.