СҚО-да 176 жол апаты болды
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жол апатынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Оның басым бөлігі трассада болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушілер көбіне жылдамдықты асырып, ескерту белгілеріне мән бермейді. Сондықтан олар қираған көліктерді тиеп, республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолымен жүріп өтті. Осылайша, тәртіп сақшылары көпшіліктің назарын аударып, жүргізушілерге ой салды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде қайғылы жағдаймен аяқталған көлік апаттары әлі де азамай тұр.
Азамат Жамұқов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:
- Осы жылдың 6 айында облыс бойынша 176 жол апаты болып, 244 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Бүгінгі акция арқылы жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырамыз. Әсіресе тасжолдың бойында жылдамдықты асырмай, мұқият болған жөн.