Абай облысында дәрігерлер науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия берген

Абай облысы Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрігерлердің науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттарын қолданғанын анықтады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл іске медициналық мекемеде жұмыс істейтін 12 қызметкердің қатысы бар. Прокурорлардың мәліметінше, мұнда тағы бірқатар заңбұзушылық дерегі анықталған.

Атап айтсақ, ауруханада дәрі-дәрмек дұрыс сақталмай, есірткі заттары бар ампулалар уақытылы жойылмаған. Сондай-ақ науқастарға дұрыс ем тағайындалмай келген. Осы жағдайларға қатысты қазіргі медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Тағы 12 тұлғаға 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.