Кеген ауылында құдыққа түскен 3 адам мерт болды

Алматы облысының Кеген ауылында үш адам құдыққа түсіп мерт болды. Бұл туралы аудандық полиция хабарлады.

Белгілі болғандай, үш адамның екеуі - әкесі мен ұлы. Үшіншісі олардың көршісі екен. Мерт болған жасөспірім Өжек Жаңабаев атындағы орта мектептің 9 сыныбында оқыған. Куәгерлердің айтуынша, олар аудан орталығында жаңадан салынған аурухана маңындағы ауызсу құдығын өз бетінше жөндемек болған сияқты. Ал құдықта улы газ жиналған деген болжам бар. Нақты себебі сот медициналық қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.