Өрт: соңғы тоғыз айда 8 мыңға жуық оқиға тіркелді
Елімізде соңғы тоғыз айда 8 мыңға жуық өрт оқиғасы тіркелді. Оның 351-і сауда орындарында болған. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстыранда 5%-ке аз. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар.
Тосыннан қызыл жалын шарпуының себебі көбіне азаматтар бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қосады. Сәйкесінше электр желісіне шамадан тыс жүк түседі. Сондай-ақ мұржаларды күйеден тазаламайды. Бұған қоса балалардың әрекетін бақыламай, отпен ойнауына жол беріп жатады. Дегенмен мамандар тілсіз жаудан абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.