Астанада екі қабатты үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты

Астанада жеке сектордағы екі қабатты үйдің шатырынан өрт шығып, төрт бала қаза тапты.

Таңғы сағат тоғыз шамасында төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау түскен. Құтқарушылар апат орнына 6 минутта жеткен. Қазір қызыл жалын толық ауыздықталды. Алайда бүлдіршіндерді құтқару мүмкін болмады. Қайтыс болған балалардың екеуі 11 және 13 жастағы жасөспірімдер. Ал кішілері 2 және 3 жаста болған. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Қаза тапқандардың жақындарына апаттар медицинасы орталығының психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Бақытжан Мауленбердиев, Астана қаласы ТЖД "ӨС ЖӘНЕ АҚЖҚ" РММ бастығының міндетін атқарушы:

- 17 қараша 2024 жыл екі қабатты тұрғын үйде шатыр жақтан келіп түсті. Өрт орнына 6 минутта құрам келіп жетті. Өрт кезінде шатыр өртке оранған. 4 баланың денесі табылды. 8 техника жұмылдырылды. Өрт 09:58-де оқшауланды. 10:44 минутта жойылды.