Биыл Жамбыл облысында 160 көлік өртенді

Биыл Жамбыл облысында 160 көлік отқа оранды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл өңірдегі жалпы өрт оқиғаларының 23%-іне тең. Жалын шарпығандардың дені жеңіл көлік. 30-дан астам жүк көлігі мен қоғамдық автобус та жанып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 29 млн теңге.

«Өрт оқиғаларына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Олардың айтуынша, көбіне ескі, пайдалану уақыты 15 жылдан асып кеткен машиналар өртке ұшырайды. 

Алмас Жұматаев, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының м.а.:

- Жыл басынан бері бізде өрт қауіпсіздігі айлығы болсын, басқа да іс- шаралар барысында 27 мыңнан астам адамға алдын алу шаралары бойынша нұсқамалар жүргізілген. Тұрғын үй секторында болсын, жаңағы адамдар жаппай жиналатын орындарда алдын алу шаралары апта сайын жүргізіліп отырады.