Петропавлда дүкен өртеніп, 68 адам эвакуацияланды. LIVE

Петропавлда көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкені өртенді.

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

Адамдардың қал-ахуалы қалай? Олар жылы жерге орналасты ма? Өрттің беті қайтты ма?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

Болат Жұмажанов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

Петропавл қаласының өрт сөндірушілері Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкеніндегі өртті сөндіруде.

Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. 

Эвакуацияланғандарды жылыту үшін  вахтовка жұмылдырылған.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.