Ақтөбедегі қылмыс: көз жұмғандар жертөледен табылған. LIVE
Ақтөбеде болған қанды қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлердің мәліметі бойынша күдікті өзінің танысын кепілге алған және ол ешқандай талап қоймаған.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Жантүршігерлік оқиға дәл осы үйде болған. Полицейлер үш сағат бойы келіссөздер жүргізіп, кепілдегі адамды босатуды талап еткен. Алайда күдікті көнбеген соң құтқару операциясына кірісті. Толығырақ облыстық Полиция департаментінің бастығы хабарлады.
Абай Жүсіпов, облыстық ПД бастығы:
- Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өкінішке қарай, 67 жастағы әйел ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал 75 жастағы қария операция кезінде қайтыс болды. Ал күдіктінің қолында кепілде болған 41 жастағы әйел адамға шұғыл операция жасалды. Қазір дәрігерлердің бақылауында.