Ақтөбедегі қайғылы оқиға: облыс әкімі мәлімдеме жасады
Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға салдарынан көз жұмғандардың жерлеу рәсіміне көмек көрсетіледі. Облыс әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазды.
Ал ауруханада жатқан тағы бір жәбірленушіге медициналық және психологиялық көмек беріліп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Құқықтық бағасын құзырлы органдар береді. Қауіпсіздік шаралары бақылауымда», делінген жазбада.