Павлодардағы жеке пансионатта қарттарды азаптаған

Павлодарда мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соғып, азаптап келген жеке пансионат анықталды.

Қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп жүргізген тексеру барысында мекеме қызметкерлерінің алаяқтықпен де айналысқаны әшкереленіп отыр. Олар қайтыс болған адамдардың пәтерлерін ұзақ уақыт бойы жалға беріп келген. Ең сорақысы, қариялардың ас ішуіне, тіпті жүріп-тұруына дейін шектеу қойыпты. Прокурорлардың айтуынша, барлығы 20 адам жапа шеккен.

Ерлан Тюлеков, Павлодар облысы прокуратурасының ресми өкілі:

- Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.