Студент ұшақ бортында ауырып қалған жолаушыға көмектесті
Елордалық студент ұшу кезінде жүрегі ауырып, өзін жайсыз сезінген жолаушыға көмектесіп, өлімнен құтқарып қалды.
Оқиға 10 қаңтар күні Қызылордадан бас қалаға ұшқан рейсте болған. Астана медицина университетінің 7 курс студенті Бектұрған Дінмұхамед егде жастағы жанның жүрегі ауырып, есінен танып қалған сәтте алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Абырой болғанда адам аман. Артынша жолаушы жедел жәрдем арқылы медициналық мекемеге жеткізілген. Жас өреннің ерлікке толы видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың сүйіспеншілігін тудырды.