Петропавлда футбол манежіндегі өрт сөндірілді
Төтенше жағдайлар қызметкерлері тілсіз жауды сағат 9-дан 44 кеткенде толық өшірді.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бүгін таңертең қаладағы «Жастар» стадионы жанындағы жабық ойын алаңы отқа оранды. Қызыл жалын футбол манежін лезде шарпып, жапсарлас тұрған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің іші түтінге толды. Оқиға салдарынан гаражда тұрған 2 трактор, «Газель» мен жеңіл көлік жанып кеткен. Қазір осыған байланысты сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталатын болады.
Марат Сыздықов, облыстық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
- Өрт сөндіру кезінде әкімшілік ғимаратының іші бүлінді. Түтін жылы өткел арқылы жайылған. Оқиға орнында 16 арнайы техника мен 58 құтқарушы жұмыс істеді. Эвакуация болған жоқ.