Ұлытауда боранда адасқан адам құтқарылды

Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды.

Құтқарушылар кеше таңертең Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан Қосқонған қыстағына қарай жеңіл автокөлікпен шыққан адамды іздеп тауып, құтқарды. Ер адам мал іздеуге кетіп, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Жедел түрде аумақты шарлаған құтқарушылар түнде жоғалған адамды аман-есен тапқан. Оның автокөлігі Сарлық ауылынан 60 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалып қойыпты. Қазір құтқарылған азамат Ұлытау ауылындағы туыстарына жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.