Қарағандыда балабақша өртенді

Қарағанды қаласында балабақшада өрт шығып, балаларды эвакуациялаған.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Қарағанды қаласының жекеменшік балабақшалардың біріндегі жертөледе (1 ш.м.) заттар мен электр қалқанының автоматы өртенді. Өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері түтінді ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады. Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Думан Далешов, ТЖД басшысының орынбасары