Қостанайда турагенттік 53 адамды алдап соққан
Қостанайда туристік агенттіктердің бірі 53 адамды алдап соқты.
Шет елдерде демалуды жоспарлаған жұрт ақшасын алдын-ала төлеп қойған. Бірақ көрсетілген тур бағыттары бойынша тапсырыс берілмегендігін олар ұшар күні ғана білген. Туристік компанияның иесі ақшаны иеленбегендігін айтады. Келісімнен тайқып кеткен шетелдік әріптестерін кінәлайды. Алайда полиция қызметкерлеріне сөзін айғақтайтын ешқандай құжат көрсете алмаған.
Болат Әубәкіров, Қостанай қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 40 миллионды құрайды. Қазіргі таңда осы факті бойынша күдікті тұлғаны ұстап, қамауға алынды. Осындай фактілер бойынша алданған тұлғалар болса, полиция басқармасына жүгінуіңізді сұраймын.