Бір тәулік ішінде еліміздің үш өңірінде есірткі зертханалары жойылды
Бір тәулік ішінде еліміздің 3 өңіріндегі есірткі зертханалары жойылды.
Екі ер адам мен бір әйел ұсталды. Олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.