Жетісу облысынан сайлауға 597 кандидат тіркелді

Жетісу облысында мәжіліс және мәслихат сайлауына түсуге 597 жуық кандидат тіркелді.

Оның он сегізі парламенттің төменгі палатасы депутаттығына үміткер. Қалғаны облыстық және аудан, қалалық мәслихатқа сайланбақ. Саяси додаға дайындық барысын аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы баяндады. Тимур Дәуітовтың айтуынша өңірде бір мандатқа 3 кандидаттан келіп отыр. Негізгі бәсеке өзін өзі ұсынған қоғам белсенділері мен 6 саяси партия өкілдері арасында өтеді. 18 ақпанда тіркеу аяқталады. Содан кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі.

Тимур Дәуітов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облыстық мәслихатқа 95 кандидат тіркелді. Аудан қалалық мәслихатқа 346 каднидат тіркелді.  Жалпы 3764 комиссия мүшелері бар. Сайлаушылар 450 мың адамды құрайды.