Президент боздақтардың рухына тағзым етті
Президент осы Ржев округіндегі Трубино деревнясына да барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда бауырластар зиратына гүл шоғын қойып, сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті. Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған. Бұл жерде 2000-нан астам солдаттың сүйегі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы – Қасым Болтаев та бар.