Астанада ХІІ азаматтық форум өтеді

Қазанның 16-17 күндері Астанада ХІІ азаматтық форум өтеді.

Екі жылда бір өтетін алқалы жиында үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен қоғамды дамытудағы рөлі талқыланады. Оған түрлі бірлестіктер, қорлар мен мемлекеттік органдардың сарапшылары қатысады. 

Әдетте азаматтық қоғам институтын нығайту, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық қызметін реттеу, мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастығы, тұрақты даму мақсаттарын көздейтін жобалар мен әлеуметтік бағыттағы тақырыптар қаузалады. Мәселен, ХІ азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдардың саяси шешім қабылдауға және заң жобаларын әзірлеуге атсалысу ұсынылды.

Форумда қарастырылған ұсыныстардың дені Үкіметтің 2024-2025 жылдарға арналған жоспарына енгізілген.