Қ. Тоқаев Д. Трампты Газадағы дипломатиялық жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентін Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Дональд Трампты саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.