Құқық пен сенім: мемлекеттің жаңа бетбұрысы 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған Саяси кеңес отырысы өтті. 

Жиында құжаттың ел дамуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің әлеуметтік бағыттарын күшейту мәселелері сөз болды.

Саяси кеңес мүшелері ұсынылып отырған өзгерістер парламенттің рөлін арттыруға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және өкілетті органдардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар Конституцияда әлеуметтік саясат, еңбек қатынастары және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға қатысты нормалар нақты іске асуы тиіс екені атап өтілді. Қатысушылар бұл реформаны өз бағдарламалық ұстанымдарына сай қолдайтынын және алдағы қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.

Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесінің мүшесі:

- Парламент бір палаталы болу керек. Ең бастапқы мәселе болып көтерген болатынбыз. Сонымен қатар ол жаңа Конституцияда енгізілген. Жоғарғы сот, бас прокуратура, жоғарғы лауазымды төрағаларын тағайындау мына парламенттің илігінде болу керек. Халық енді өзі шешеді. Референдум болады, дауыс беріледі. Әр социалды демократ мына өзгеріске, жаңа жобаға біздің ұсынылған ұсыныстарымызды түсініп, өзіңнен өткізу керек.