Жаңа Конституция жобасы Түркияның басқару моделіне ұқсас

Қазақстанда ұсынылған жаңа Конституциялық жоба саяси жүйені жаңғыртып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтеді. 

«Мұндай басқару моделі Түркияның институционалдық жүйесіне ұқсас», - дейді Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Күршад Зорлу. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы кезең-кезеңімен жүзеге асырып келе жатқан реформалардың ішінде бұл бастама айрықша мәнге ие. Сарапшы мұндай тарихи-саяси жаңғырудың Түркия үшін де маңызы зор екенін атап өтті. Себебі екі ел арасындағы институционалдық ұқсастық бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетіп, стратегиялық серіктестікті тереңдете түседі.

Күршад Зорлу, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары:

-  Ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес Қазақстан бір палаталы парламентке көшеді. «Құрылтай» атауының енгізілуі тарихи сабақтастықты айқындайтын символдық әрі саяси мәні терең шешім. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, Парламенттің ықпалын арттырады.