Мемлекет басшысы Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады.

Онда Мемлекет басшысы Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.