Үкімет басшысы әкімдерге инфрақұрылымды жедел жаңғыртуды жүктеді
Өңірлердегі инфрақұрылымды жедел жаңғырту қажет. Бүгін Үкімет басшысы әкімдерге осындай тапсырма жүктеді. Ұлттық жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.
Сондықтан Премьер-министр қажетті нормативтік құқықтық база қазірдің өзінде толық қабылданғанын және инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері айқындалғанын жеткізді. Қазір аймақтарда ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тиісті межеге уақытылы қол жеткізу үшін Үкімет басшысы инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын одан әрі үдете түсу қажеттігін тапсырды. Әрі облыс әкімдіктеріне екі апта ішінде биыл іске асатын жобалар бойынша қажетті шаралар қабылдауды жүктеді. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерімен бірге жыл соңына дейін барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының аяқталуын пысықтау қажеттігін айтты.