«Әділет» партиясы төрағасының үш орынбасары тағайындалды
«Әділет» партиясының басшылық құрамы толықты. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».
Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау бағыттарына жетекшілік етеді. Бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы және Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жауап береді. Ол сот жүйесінде түрлі қызмет атқарып, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты қызметін атқарған.
Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол әр жылдары Атырау облысының ішкі саясат саласында, «Атырау-Ақпарат» өңірлік медиахолдингі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтер атқарған.
Бұған дейін «Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары болып коммуникация бағыты бойынша Әлия Адамбаева, идеология бойынша Ержан Жылқыбаев және цифрландыру мәселелері жөнінде Қаныш Төлеушин тағайындалған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз