417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марат Оразаев ҚР АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

  • 242
  • UPD: 17:03, 22.01.2021
Марат Оразаев ҚР АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды primeminister.kz

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған.

1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

1999 жылдан 2008 жыл аралығында – ҚР АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2008-2011 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2011-2013 жж. – ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы.

2013-2015 ж. – ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы