Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР премьер-министрінің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ...