Мемлекет басшысы ресми сапармен Бельгияға барады

Мемлекет басшысы ресми сапармен Бельгияға барады
Tengrinews

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған», - деп жазды.