ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
primeminister.kz

Үкімет басшысы қазақстандықтарды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, ел дамуындағы Елбасының айрықша орнын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!  Тәуелсіздіктің 30 жылында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан өзінің даму жолында елеулі серпіліс жасады. Бүгінгі таңда Қазақстан – экономикасы қуатты, Конституциясы озық, тиімді билік институттары бар, мемлекеттік шекарасы толықтай халықаралық тұрғыда ресімделген орнықты және прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады. Аймақтың заманауи экономикалық, әлеуметтік және мәдени орталығына айналған Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады.

Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, татулық пен амандық тілеймін!  

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Асқар Мамин»