Шанхай ынтымақтастығы ұйымында тулар төмен түсірілді

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы Қазақстан халқымен бірге екенін білдірді. Бірлестіктің Бейжіңдегі Хатшылығында мүше-мемлекеттердің Тулары төмен түсірілді.

Ұйымның Бас хатшысының орынбасары лаңкестік шабуылдар кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Осының алдында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы Қазақстанда тезірек тұрақтылық орнайтынына үміт білдіріп, мәлімдеме жариялаған болатын. Сондай-ақ құжатта Қазақ билігінің жағдайды реттеу бойынша қабылдап жатқан іс-шаралары оңынан болатыны айтылған.

Джонон Шерали Сайдамир, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Хатшылығы басшыларының және біздің көп ұлтты ұжымның атынан қазақстандық достарымызға осы қиын сәтте көңіл айтамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен және қазақстандықтардың даналығының арқасында ел тығырықтан шығады және Қазақстан бейбіт және өркендеу жолына қайта түседі деп ойлаймыз.