Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялайтын рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін – ҚР СІМ

Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялайтын рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін – ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігі Украинадан келетін алғашқы рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін екенін хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алғашқы репатриациялық рейс 26 ақпанда таңертең жүзеге асырылады деп жоспарланғанын немесе 27 ақпанға шегерілетінін айтты.

 «Біздің азаматтарды Польшаға тасымалдаған автобустар шекара өткелінде 7 сағаттан аса кептелісте тұр. Ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды түсініп тұрған шығарсыздар. Сондықтан барлығын сабырға шақырамыз. Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастырылады», - деді Смадияров.