Украинада қалған отандастарымыз елге оралады

Украинада қалып қойған қазақстандықтардың алдыңғы легі амандық болса, бүгін елге жетуге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртқы істер министрілігінің хабарлауынша, олар түнде сол жақтағы дипломаттарымыздың бастауымен Киев пен Львов қалаларынан автокөлікпен Польша шекарасына аттанған. Ол жақта да дипломаттарымыз күтіп алып, Катовице қаласының әуежайына жеткізеді. Репатриациялық рейстегі қазақстандықтар шекарадан визасыз өтеді әрі Птр-тест тапсырып, вакцина төлқұжатын көрсетпейді. Алғашқы рейс бүгін таңертеңге жоспарланған. Польшаның Катовице қаласынан ұшатын ұшақ алдымен Атырауға жетіп, одан әрі Алматыға барады. Бұдан кейін де репатрациялық рейстер болады. Сыртқы істер министрілігі Украинадағы қазақстандықтардың Киевтегі елшілікке хабарласуын ескертеді. Мүмкіндік болса, жер-жердегі азаматтарымыз өз күштерімен Львов немесе Киев қаалсына жеткені жөн. Одан әрі Польшаға аттануға көмек беріледі. Ал жолға шығу қауіпті болса, елшілікпен хабарласып отырғандары жөн. Бұл үшін жедел желі жұмыс істеп тұр. Ақпар бойынша бүгінге дейін 528 адам эвакуацияға өтініш берген.