Украинадан эвакуациялау: қазақстандықтар мінген 4 автобус шекарада тұр

Украинадан эвакуациялау: қазақстандықтар мінген 4 автобус шекарада тұр

Украина-Польша шекарасында бүгін босқындар саны миллонға дейін жетуі мүмкін. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевтың айтуынша, шекарада қазақстандық азаматтар мінген 4 автобус кезек күтіп тұр. Олардың әрқайсысында 40-50 адамнан бар. Ал кеше Польшаға өткен ең үлкен автобуста 80-дей адам болған.

Елші шекарадан тек дипломатиялық көліктер ғана кедергісіз өтетінін айтады. Ал украиндан жалдаған автобустар кезек күтеді. Диполматиялық көліктер арқылы 40 қазақстандық пен елшілік қызметкерлерінің 25 отбасы мүшесі шекарадан өткен. Ал алдында Польшаға өткен автобус Львовқа оралып, қазақстандықтардың тағы бір тобын алып, шекараға жеткен. Қазір шекарада елшілік қызметкерлері мен өзге де азаматтар, волонтерлер күн-түн демей  ешқандай ақысыз қызмет көрсетіп жүр. Дархан Қалетаевтың айтуынша Харьковте 40 студент қалған. Олар қазір пойызбен Львовқа жету үшін теміржол станциясына келген. Елші олармен байланыстамыз дейді. Сумы қаласында да екі қазақстандық қалған. Киевтегі елшіліктің жертөлесінде 40 адам отыр. Елші эвакуацияға өтініштер әлі де түсіп жатқанын айтады. Өйткені көбі соғыс болмайды деп ойлап, соңына дейін алаңсыз жүрген.