«AMANAT» партиясын тіркеу қиындық туғызбайды

Заңнама тұрғысынан «AMANAT» партиясын тіркеу қиын болмайды. Себебі елімізде осындай атаумен 30-дан аса түрлі ұйым бар. Ал партия жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап берген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Оның айтуынша, Мәжілістегі фракция депутаттары өңірлерге сапары барысында тұрғындардың да пікірін білген. Демек партияның, қоғамның жаңаруына сұраныс бар, – деді Мәжіліс спикері.

Еске сала кетсек, кеше өткен съезд барысында «Nur Otan» партиясының атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы шешім қабылданған болатын.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Өткенде біздің фракция депутаттары өңірлерге барып келді. Ол жерде де біз осы қоғамдағы адамдардың көңіл-күйін, осы сұранысын байқадық. Негізі партияның өзгеруіне, қоғамның, биліктің өзгеруіне, осы өзгеру деген кезде, жаңаруына сұраныс бар. Соның бәрін есептеп, соның бәрін ойланып, партия мүшелері осындай шешім қабылдады. Партия төрағасы оны қолдады.