Елімізде сайлау жүйесі жаңғыртылмақ

Елімізде сайлау жүйесі жаңғыртылмақ

Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы елордалықтармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында электронды дауыс беруді енгізу, байқаушыларды оқыту, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету процесінің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге саяси партиялардан бастап үкіметтік емес ұйым өкілдері, блогерлер, белсенді жастар қатысты. Мұндай кездесулер барлық өңірлерде өткізілмек. 

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Келесі біздің баратын өңіріміз Наурыз мерекесінен кейін ол Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы болады, әрі қарай кете береді. Негізі біздің жоспар алдағы айдың аяғына дейін бүкіл Қазақстанды аралап шықпақшымыз.