Биоқауіпсіздік туралы заң жобасы мақұлданды

Биоқауіпсіздік туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжіліс депутаттары биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта дезинфекция, дезинсекция сынды қызмет түрін лицензиялау, биологиялық агенттермен жұмыс жүргізу кезінде қойылатын талаптар бекітілген. Сондай-ақ енді патогенді биоагенттер сақталатын ғимараттар стратегиялық маңызы бар нысандар қатарына жатқызылады. Жаңа заң биологиялық қауіп-қатер туындағанда, дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеуден өткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

–  Қазақстанда бұрыннан түрлі аурулардың ошақтары бар. Оба, чума, безгек, сібір ауралары бар ғой. Отпен, сумен, ауамен келетін, тауарлармен келетін, жануарлардың қозғалысынан келетін қауіп-қатерлер. Соларды жұқтырмау үшін, болдырмау үшін осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.