Үкімет басшысы әр проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды

Үкімет басшысы әр проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды
primerministr.kz

ҚР Премьер-Министрі кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма берді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР Премьер-Министрі кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді», – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, кеше ҚР Үкімет басшысы Facebook желісінде жеке парақшасын ашып, «Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идеялар ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын», – деп жазба қалдырған болатын.