Қ.Тоқаев: Жердің иесі – халық

Ақорда

Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы норманы Конституцияда біржола бекітіп тастау керек екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бұл мәселе алдағы уақытта мүлдем талқыланбау қажет деді. Сол себепті негізгі заңның 6-бабына дереу өзгеріс енгізуді тапсырды. Ел арасында «жердің иесі –халық, қойнаудан алынып жатқан байлық та халыққа тиесілі» деген түсінік жиі айтылады. Президент осыны заңмен бекітуді ұсынып отыр. Сосын Ақордада өткен жиында Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттың қызметін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мықтап қорғау сынды мәселелер талқыланды.   

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы.