Е.Қошанов: «AMANAT» арқалаған жүк ауыр

Е.Қошанов: «AMANAT» арқалаған жүк ауыр

Басты мақсат – әр облыс, қала, ауданның түйткілді мәселелерін шешуге атсалысу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов фракция мүшелері, өңірлік филиалдар атқарушы хатшылары, қоғамдық кеңес басшылары және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді. Азаматтар сайлауалды уәденің орындалу деңгейіне қарай бізге баға береді. Ел Президенті кешегі съезде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта партиядан қандай үміт күтетінін айқын жеткізді – деді саяси ұйым төрағасы.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:

– Мемлекет басшысы «AMANAT-ты» президенттік реформалар бағытын жақтаушыларды топтастыратын партия деп біледі. «AMANAT» Президентке қоғамдық қолдау көрсетіп, Жаңа Қазақстанды құру үшін жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Партия мемлекеттік органдардың проблемаларын ашып көрсететін, сайлаушылардың мүддесін барынша қорғайтын саяси күш болуы қажет. Біздің партия бюрократизм және волюнтаризммен күресуі керек. Бұдан былай жасандылық пен формальды іс-шаралар болмауы тиіс.