Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Тәжікстанға барды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Тәжікстанға барды

Жоғарғы Палата спикері Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, елде жүргізіліп жатқан реформалар жайын сөз етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ, Сенат төрағасы Тәжікстан Республикасының Оли Мажлисі, Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті. Олар экология, трансшекаралық өзен суларын пайдалану және басқа да ортақ проблемаларды бірлесіп шешуге қатысты мәселелерді талқылады. Сенат төрағалары мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы мәселелерді шешуге ықпал ету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Бүгін біз Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасына қол қойдық. Бұдан бөлек, алдағы уақытта су ресурстарын тиімді пайдалану, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша парламентшілер арасында бірқатар «дөңгелек үстелдер» мен іс-шаралар өткізуге болады. Оның бәрі өзара парламентаралық ынтымақтастықты нығайтып, нақты нәтижені арттыра түседі.