«Amanat» партиясы республикалық штабының өкілдері «Қазақтелеком» ұжымымен кездесті

«Amanat» партиясының республикалық штабының өкілдері елордада «Қазақтелеком» жұмысшыларымен кездесті.

Еңбек ұжымына конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі референдумның жай-жапсары түсіндірілді. Елдегі маңызды саяси науқан әрбір азамат үшін маңызды екені айтылды.

«Ата заңның 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен түзетулер Жаңа Қазақстанды құру үшін жасалып жатқан маңызды қадам», - деді республикалық партиялық штаб өкілі Берік Уәли.

Берік Уәли, «Amanat» партиясының республикалық штабының мүшесі:

- Алдымызда үлкен саяси науқан келе жатыр. Бұл саяси науқандағы Мемлекет басышсы ұсынып отырған өзгерістер жүзеге асатын болса, барлығымыз бірігіп, оған халық болып дауыс беретін болсақ, Жаңа Қазақстан бізді күтіп тұр деп айтсақ болады. Яғни бұның барлығы халық осы билікке араласуы арқылы тұрып жатқан мемлекетке деген өзінің қатысы барлығын сезінеді деп ойлаймыз.