Кісі өлтірушілер мен қарақшыларды батыр санаудың қажеті жоқ – Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы

Кісі өлтірушілер мен қарақшыларды батыр санаудың қажеті жоқ – Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы

Мемлекет басшысы Ресей телеарнасына берген сұхбатында қаңтардағы оқиғаға тоқталды.

«Алматыда мемлекеттік төңкеріс, яғни президентті қызметінен кетіру әрекеті болды. Біз бұл істің алдын ала жоспарланғанын білеміз. 3000-нан астам қару ұрланған, олардың жартысынан көбі әлі де қолдарында. Қазір тергеу жүргізіп жатырмыз. Өте күрделі кезең болды. Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясы өртенді. Дәрігерлер, қарапайым адамдар зардап шекті. Кісі өлтірушілер мен қарақшыларды батыр санаудың қажеті жоқ. Соған қарамастан мейірімділік танытып, кейбірін босатып жатырмыз. Бар болғаны 26 үкім шықты, бірақ әлі де тергеу істері жүруде. Қарақшылардың қолынан қаза тапқан жас сарбаздар үшін шын жаным ашиды. Ал өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Қ.Тоқаев.