Қазақстан – Иран: қос ел президенті Бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси қос мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Иран делегациясына ілтипат білдіре отырып, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы мерзім ішінде еліміз тығыз мемлекетаралық ынтымақтастық орнатты. Ел Президенті Каспийдегі теңіз айлақтарының транзиттік-экспорттық мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін атап өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Иран Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.