Қаржы пирамидаларын алдын ала анықтау қажет – Мемлекет басшысы

Цифрландыру перспективаларына баса назар аудару керек. Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір шет мемлекеттер цифрлық валюталарын сынақтан өткізіп жатыр. Қазақстан да бұл тенденцияға бейімделу керек,-деді Президент. Жиында қаржы пирамидалармен күрес жүргізу мәселесі де қызу талқыланды. Биылғы бес айдың өзінде алаяқтар 17 мыңнан астам үлескердің 27 миллиард теңге болатын дүние-мүлкін иеленіп алған. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын алдын ала анықтап, жедел әрекет ету қажеттілігін қадап айтты.