СҚО-ға 180 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Бүгін Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Құмар Ақсақалов Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жылыту маусымына дайындық, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылығы саласынада істелген жұмыс туралы жеткізді. Биыл өңірде аграрлық секторға 180 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Қазірдің өзінде 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2 мың 400 агротехника жаңартылған. Бұдан бөлек облыстағы білім,  тұрғын үй, ауыз су, жол жөндеу жұмыстары туралы да баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын жоспарға сай орындауды және облыстағы өзге де жобаларды одан әрі жалғастыруды тапсырды.