Қазақстан мен ЯСЖТШ ұйымы бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан мен ЯСЖТШ ұйымы бірлескен мәлімдеме жасады

Премьер-Министр орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Роберт Флойд Ядролық қарудан бас тарту күніне орай бірлескен мәлімдеме таратты.

Тараптар барлық мемлекетті ядролық сынақтардан азат әлем құруға шақырады. Сонымен қатар, Шартқа әлі қол қоймаған немесе ратификацияламаған мемлекеттерді мұны кідіріссіз жасауға үндеді. 21 ғасырда адамзаттың ортақ мақсаты – Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске қосатын кез келді, делінген мәлімдемеде.