Үш өрт сөндіруші мемлекеттік наградамен марапатталды

Үш өрт сөндіруші мемлекеттік наградамен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

 

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

 

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі; 

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

 

«Ерлігі үшін» медалімен:

 

Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі. 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек 

№ 1003