Реджеп Тайип Ердоған Астанаға келді. LIVE

Түркия Республикасының Прездиенті  Реджеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің басшысын елода әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия президентін арнайы кортежбен Ақордаға дейін алып келді. Салтанатты қабылдау рәсімінен кейін Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық мәдени-гуманитарлық саланы дамыту жайын талқылайды деп жоспарланған. Биыл сегіз айда қос мемлекеттің өзара тауар айналымы 66 процентке өсіп, 3,5 миллиард долларға жетті. Осылайша Түркия Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бестігіне кірді. Ал инвестиция салу бойынша ондықта. Алыс берісті арттыруға әлі де мүмкіндік бар. Оны жүзеге асыруға қос тарап та мүдделі.

Айта кету керек, ертең Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтететін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне қатысады.